Бәле қуғым келмейді, жала қуғым – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Бәле қуғым келмейді, жала қуғым» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1298
Бәле қуғым келмейді, жала қуғым.
Демеймін жұрттан ерек, дара тудым.
Бірін- бірі талауға құмар қазақ,
Жөнін де біледі ғой қарасудың.
Бұған дәлел, апат та Арыстағы.
Халқымның от тажалмен алысқаны.
Қазағым ояныпты, басымды ием,
Ағайынға мың алғыс алыстағы.
Айтпаймын,
Ерлігің көп, бір мұныңды.
Түзейтін күндер жақын тірлігіңді.
Үй сыртында адам бар, оны да ұғын,
Шайқалтуға ұмтылған бірлігіңді.
Сабыр керек,
Оңалар тірлігіміз.
Нығайып келе жатыр бірлігіміз.
Мәшһүр бабам айтқаны рас болса,
Бақытқа кенелерміз бір күні біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәле қуғым келмейді, жала қуғым өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Бәле қуғым келмейді, жала қуғым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәле қуғым келмейді, жала қуғым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәле қуғым келмейді, жала қуғым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері