Шырайлы Шымқалам – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Шырайлы Шымқалам» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 4919
Шымқала неткен керім шырайлысың.
Берекелі мекенім, шырай мүсін.
Дала менен тауларың астасып тұр,
Туған қалам мұншалық ұнаймысың.
Ну бағы жайлап жатыр сай-саланы.
Мәуелі алма бағы жайқалады.
Таудан соққан самал жел жанды баурап,
Таза ауада көңілің жай табады.
Алатаудың етегі,
Ауыл жаны.
Құлын байлап, идіріп сауындарын.
Баубақшаның кәсібін игерген жер,
Өсіріп қарбыздарын қауындарын.
Күлкісіндей сұлудың жүзіндегі.
Сұлу қалам үшінші тізімдегі.
Көздің жауын алады қызғалтағы,
Мәуелі ағаш, самсап тұр жүзімдері.
Жемісіңнің түрі көп, бақта бәрі.
Ақ алтын деп аталған мақталары.
Өнерлілер ордасы асыл өлкем,
Тектілермен, тегімен мақтанады.
Қонағына жайылған асқан асы.
Сан мың ұлттың мекені баспанасы.
Көнелердің көзіндей Түркістаным,
Қазағымның рухани астанасы.
Мен бүгін жырымды айтып ақтарылдым.
Кезі өткен жер, балалық шақтарымның.
Кие қонған құт мекен тап осы жер,
Түмен мен Арыстандай баптарымның.
Ерге сын, елі жайлы білу дерек,
Туған жердің қадірін білу керек.
Өмірге бір келесің,
Сол өмірді,
Қолдан келсе Шымкентте сүру керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырайлы Шымқалам өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Шырайлы Шымқалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырайлы Шымқалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырайлы Шымқалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері