Халқыма базына – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Халқыма базына» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 990
(өртке оранған бес сәбиге аза тұту)

Іздейміз ау кінәлі кім, табалық,
Тумаса да жақпайды,
Туса да арып...
Ақпанның аязына тоңдырар деп,
Періштелер әкетті ау, қымтап алып.
Бес дана жан,
Бес жұлдыз ағып өткен.
Қандай белгі берді Алла, тағы көктен?
Қайда жүрсек Қорқыттың көрі шығып,
Құтыла алмай қойдық қой «нағылеттен».
Қайғыратын күнің бұл,
Жыла ғасыр.
Неше нәубет көрсең де, шыдағасың.
Кешегі Кеңесары аңсап кеткен,
Дат айтатын кезің бұл,
Мына ғасыр!
Қойыртпақты көп ойлап, қорытқанша,
Жемтік іздеп сабылар, жорық қанша?!
Тәубә деп,
Тәубесіне сенген Қазақ,
Оянбайды бәлеге жолыққанша.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері