Шабыт ғұмыр – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Шабыт ғұмыр» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1925
Шабыт ғұмыр,
Кетер кейде шарықтап.
Алар кейде, шапалақпен салып қап.
Адам жанын жасытар ол құдірет,
Шарықтаған шабытыңды алып қап.
Қолбала емес жетегіңе еретін,
«Шабыт-пырақ», – жел естіріп желетін.
Шабыт бірақ ұзатылар қыз емес,
«Шабыт – келін», төркіндетіп келетін.
Шабыт тасқын, ырық бермес өткелге,
Тау суындай таситұғын көктемде.
Шабыт келін,
Кететұғын төркіндеп,
Қайта оралып келетұғын кеткенде.
Шабыт күнің көктен нұрын төккенде,
Қызғалтақ жыр,
Жайнап тұрар көк белде.
Шабыт деген жыл құстары сияқты,
Қайта айналып оралатын көктемде.
Сынақтарға шыдай алмай, көптеген.
Бұл ағаң да жазған талай, «Өкпе өлең».
Жыр жауһарын төгіп-төгіп жіберер,
Серттесейік жазамыз деп, – «Текті өлең».
Табиғат та жоғалтпаған бағытын,
Күн артынан алмасады, тағы түн.
Таңғы шықтай мөлтілдесе жанарың,
Оралып кеп жұбатады, шабытың.
Ақыным ау,
Жабырқама, мұңайма.
Пейіліңді көріп тұр ғой, құдай да.
«Шабыт» атты «Періштені» құрметтеп,
Мың тағызым етейікші Құдайға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт ғұмыр өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Шабыт ғұмыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт ғұмыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шабыт ғұмыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері