Түндерде ұйықтай алмай

Бұл бетте «Түндерде ұйықтай алмай» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1289
Түндерде ұйықтай алмай,
Мең зең бір күй кешемін,
Ол, Тамұқтағы елес!
Көтере алмай елдің өсегін,
Ойланып қалам,
Ол жабыққаным емес!
Сансыз ой мазалап мені,
Тыныш түн құшағында,
Ол, қайғырғаным емес!
Баламды қысам құшағыма,
Сағым боп жоғалады,
Көз алдымдағы елес!
Түндікті түріп тастап,
Жұлдызды санап өстім,
Қазіргі заман емес!
Есейген жасқа да көштім,
Тағдырдың бұл сынағы,
Болмашы ғана, елес!
Елестеп, жетелеп тұрған,
Бақыттың кемелді шағы,
Көзді арбап жүрген сол елес!
Тауда өскен, өрелі шынар,
Өссін бір дегені шығар.
Ол жамандық емес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түндерде ұйықтай алмай өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Түндерде ұйықтай алмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түндерде ұйықтай алмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түндерде ұйықтай алмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері