Неге жарым, бүгін маған сен-деді?! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Неге жарым, бүгін маған сен-деді?!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1261
Неге жарым, бүгін маған сен-деді?!
Айтқан сөзім зая кетті, сенбеді.
Құшағыма құшып келген гүлімді,
Байқамады, байқағысы келмеді.
Гүлді алып босағаға лақтырдым.
«Неге мені» – дедім оған «Жақтырдың».
«Гүл өсіріп көрмегенмін» – деді ол,
Ашуланып, аяғымда шақ тұрдым.
Баласы едім, гүл сыйлаған әкемнің.
Неге үйге, сонша гүлді әкелдім?
Гүл ұсынсам шаттанар деп ойлап ем,
Көп ұзамай «Құндыз ішік» әпердім.
Сөзін айтып кетсе екен ортаның?!
Коллективі тойын тойлап норканың.
Сезімімді, жан дүниеме жасырып,
Гүл құшақтап келуге үйге, қорқамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге жарым, бүгін маған сен-деді?! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Неге жарым, бүгін маған сен-деді?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге жарым, бүгін маған сен-деді?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге жарым, бүгін маған сен-деді?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері