Қарындасқа тілек – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Қарындасқа тілек» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 5166
Бір қыз бар көз жанары күлімдеген.
Ағаны асыл, ініні күнім деген.
Бағыңды тапшы құрбым бұл жалғанда,
Ерніңді сүйетін кеп дірілдеген.
Күле түс,
Күле жүргін хақың барда,
Қыз күлсін,
Қыз жайнасын ақың бар ма?!
Жандарды жылататын, жұбататын,
Жолама, есің болса ақындарға.
Жандар көп,
Шайпау ауыз, ойы надан.
Атаққа семіреді, тойынады адам.
Енесіне шәй берген алтын жансың,
Күйеуі өлсе дағы мойымаған.
Жандар аз, тірісінде бағалаған.
Жассың ғой, ұлды өсіру саған арман.
Танымай мені жақын білмесең де,
Дауысыңнан айналдым ағалаған.
Алла ісі,
Аллам ай, бол сақтарым.
Керемет күндерің ғой, сол шақтарың.
Жарқырап күле берші, шыдамдысың,
Жас болып төгілмесін моншақтарың.
Шыдамдысың,
Еркесің, еркің мықты.
Мойымайсың, қадамың еркін тіпті.
Күйеуі тірі кезде мастанып бір,
Ойлап жүрген әйел көп еркіндікті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындасқа тілек өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қарындасқа тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындасқа тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарындасқа тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері