Мінез туралы – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Мінез туралы» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1603
Бауырларым мені айып етпеңдер,
Оралмайды келмес жерге кеткендер.
Адуынды мінезіме шыдамай,
Теріс қарап,
Теріс қарап кетпеңдер.
Оған куә, жаратқан да, көк пен жер.
Өсіңдерші, өніңдерші, көктеңдер.
Аржағымда қара ниет жоқ менің,
Ер мінезі,
Сол үшін де сөкпеңдер.
Қанағаты бар адаммын тойымға.
Қателігім болса егер, мойындап.
Қайғыңда да жүгіремін жан салып,
Өлең оқып беремін мен тойыңда.
Қарапайым тіршілігім күндегі.
Маған таңсық емес тақтың мінбері.
Қанша асыл болсаң дағы, жігітсің,
Табылатын бойындағы міндері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез туралы өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Мінез туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері