Ағайынға! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ағайынға!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2602
Көңіліңді жүрсеңші көктем етіп,
Қайтерсің ағайынды өкпелетіп.
Жалған дүние,
Не жетер сыйласқанға,
Ұтылмасаң ұтпайсың, «өктем» кетіп.
Жалған тірлік,
Жоғалтып сабырыңды,
Ұрсысасың ұмытып Тәңіріңді.
Бес күн жалған тірлікте сыйласа алмай,
Жылап жүріп қазарсың қабіріңді.
Адамға неге ақыл кеш қонады?
Тектіге кеш те болса ес қонады.
Жетпесең бүгін туыс қадіріне,
Кім білер,
Мүмкін ертең кеш болады.
Ет асып күт, іштің ғой шәйін жұрттың.
Ата-анаңның асын жеп, майын жұттың.
Өз әкең қартайғанда қараса алмай,
Қамын ойлап кетіпсің қайынжұрттың.
Қарасатын кезің бұл, қуыстанба.
Туың сенің жығылмас, туыс барда.
Жер ортадан астың ғой, не көрінді,
Теріс қарап кетердей туысқанға.
Жел есетін тұлпардай сауырынан,
Азаматтар шығып жүр қауымымнан.
Өзі болып толғандай талайлар жүр,
Іргесін аулақ салып бауырынан.
Бәйгеден озып келсе аты бүгін,
Үйіне жақындамай жақынының,
Әкесінің тәлімі әдіре қап,
Байына билігі өтіп қатынының.
Бұл өлеңнің түбінде сана жатыр.
Қариялар азайып бара жатыр.
Ата-анаңа жасаған әрбір ісің,
Айналып келеді әлі, қара да тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағайынға! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ағайынға! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағайынға! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағайынға! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері