Жездеме – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жездеме» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 4278
Аман қалған гранаттан, минадан.
Кімге қалай,
Маған жездем сыйлы адам.
Отан үшін жанын берген адамға,
Сыйы да жоқ, мен сол үшін қиналам.
Таудағы шың,
Жұрттар жүрсе етекте.
Зейнетіне шықты парыз өтеп те.
Басындағы осколкасы жүр әлі,
Халық үшін еңбек етті десек те.
Спортыңды меңгерген ол, алапат,
Бес түрінен шебер еді, ғаламат.
«Адасқандар» қазағымды атқанда,
Қарсы тұрды, алған да жоқ марапат.
Шәкірттері әлі оны жырлайды.
Жездем асыл,
Әділ сөзін бұрмайды.
Бөрілерге шәуілдеген күшіктер,
Мұндай жанның тырнағына тұрмайды.
Айту үшін бұл жазбаны сөз керек.
Сөзім дәлел,
Өлең дәлел сөз дерек.
Алла жазса жүрейікші тойыңда,
Алтыным сол,
Ардағым сол жезде деп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жездеме өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Жездеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жездеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жездеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері