Апам еді бәрімізге қараған – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Апам еді бәрімізге қараған» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2733
Қара күзде тезек тасып даладан.
Апам еді бәрімізге қараған.
Әкемнің де қамқоршысы сол еді,
Тоғыз жан ек ол кісіден тараған.
Бесте тұрып, таңмен бірге таласып.
Жатса дағы қамыры ашып, нан ашып.
Тандыр пешті даярлайтын от жағып,
Арасында немереге қарасып.
Сол бір бейне, қалып кеткен естегі.
Қара шәйнек бұрқылдайтын пештегі.
Мойымайтын сонда дағы анашым,
Бейнет бола тұрсадағы кешкені.
Жетілерде әкем жаймен тұратын.
Жылы сумен беті қолын жуатын.
Шайын беріп, асты-үстіне түсетін,
Бірін-бірі айтқызбай-ақ ұғатын.
Келетін жер ағам үйі үш аттап.
Жеңгем келер үш баласын құшақтап.
Жұмысыңа бара бер деп қалатын,
Шешем байқұс немерені құшақтап.
Шөп жинайтын, тары егетін, мал бағып.
Қу бейнеттен кеткен де жоқ малданып.
Қара бала қамын ойлап анашым,
Балалардың қызығына алданып.
Он жеті жыл бағып-қақты атамды.
Жүзге келген қарттан солай бата алды.
Енді міне кенже ұлың да қыр асып,
Заңгер бала, ақын бала атанды.
Көріп өскен жайды жаздым, кеш мені.
Бейнет еді көргені мен кешкені.
Етегіне сүрініп кеп ұйықтайтын,
«Тамаша»-ны көре алмай, кештегі.
Жан анашым,
Жанашырым сен менің.
Бақилық боп кеткеніңе сенбедім.
Кетеріңді сездірдің бе түсімде,
Есте қапты еңсең түсіп енгенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апам еді бәрімізге қараған өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Апам еді бәрімізге қараған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апам еді бәрімізге қараған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апам еді бәрімізге қараған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері