Аза тұттым апа деп – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Аза тұттым апа деп» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1921
Өмірімнің оқысам көп парағы.
Анама әпкелерім көп қарады.
Құшағында өскен бір немерелер,
Жанға батты,
Апа - деп жоқтағаны.
Әпкелерім,
Алтыным, асыл жаным.
Аман болсын өсірген асылдарың.
Сел болып төгілді ғой көзімнен жас,
Оңашада,
Мен жұрттан жасырғанмын.
Арыстай орны бөлек ағаларым.
Өздерің баға жетпес, қара нарым.
Әкемнің жолын берсін,
Бар болыңдар,
Қайырымды болсыншы балаларың.
Рахмет жеңге, келін, туыстарға.
Кеме де өрге жүзер туыс барда.
Бақ береке дариды, ата сөзі,
Береке-бірлік болса туысқанда.
Әкеміз бар,
Кемеңгер қариямыз.
Ол біздің түбі терең дариямыз.
Сол алып бәйтеректің бұтағымыз,
Елге арман,
Елге үлгі жанұямыз.
Бәрі жалған,
Дүние боқ, бөлісетін.
Көрдіңдер ғой,
Бұл жалған, өлі шетін.
Бұл менің бауырым деп құшақ жайып,
Сол күнді аңсаймын мен көрісетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аза тұттым апа деп өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Аза тұттым апа деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аза тұттым апа деп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аза тұттым апа деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері