Бақыт құсы – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Бақыт құсы» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3161
Кеткісі келмей жүр-ау бақыт менен.
Гүлзардағы құс па екен бақыт деген?
Құм сағаттан құм сусып төгіледі,
Бірге ілесіп барамыз уақытпенен.
Қысыңа да шыдағам, болып көктем.
Күзіңде де күрсінгем, оңып кеткен.
Бақыт құсы оралар, сезіп жүрмін,
Бір кездері басыма қонып кеткен.
Орындалар түбінде тілекті үміт.
Әрдайым жүретінмін білек түріп.
Адамдықтың жолы үшін серт еткенмін,
Анамның кесенесін тіреп тұрып.
Тағдырым ай,
Арпалыс, соны ұқтырған.
Өткінші өкінішпен жолықтырған.
Бақыттымын,бағымдай аялайын,
Бақыт құсын басымда қонып тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт құсы өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Бақыт құсы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт құсы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт құсы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері