Қыран құссың көк аспанда қалықтар – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Қыран құссың көк аспанда қалықтар» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2064
Қыран құссың көк аспанда қалықтар.
Әңгімеңнен дүйім жұртым жалықпас.
Құдай өзі бір ыңғайын келтірген,
Күзде ғана туады екен, алыптар.
Жыр арнайын, қара жаяу емеспін.
Көңілің ақ, мінездісің, ерексің.
Аллам сені қорғап жүрсін әрдәйім,
Жанұяңа және бізге керексің.
Өзіңе арнап, жыр маржаны өрілген.
Балдарыңның рахатын көр, көрінген.
Құт-береке кетпесінші үйіңнен,
Жақсы жандар орын алсын төріңнен.
Алла сенің үстем етсін бағыңды.
Жаңалығың көп болсын тек, жағымды.
Бірге өткізген кездер қандай керемет,
Сол күндерді досың бүгін сағынды.
Мейірленген пейілің де кең екен.
Мерекеге ұлассыншы мерекең.
Ел алдында үстем болып мерейің,
Еселесін берекең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран құссың көк аспанда қалықтар өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қыран құссың көк аспанда қалықтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран құссың көк аспанда қалықтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран құссың көк аспанда қалықтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері