Айдын қызыма! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Айдын қызыма!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2918
Өміріңде жақсыларға ұқсап бақ.
Әкешіңді әлпештеп жүр, құшақтап.
Тәрбиелі, тәлімді бол қызым ау,
Сырты қара адамдардың, іші әппәқ.
Кенжетайсың,
Ерекшесің дара тым.
Самғай берші, талмасыншы қанатың.
Сыйлық алып келер едім, жол алыс,
Ниеттеніп, құттықтап бір баратын.
Әкесінің жанашыры, ерекшім.
Алла сені жүрсін қызым, демеп шын.
Қыз жанашыр, қыз бауырмал тілекші,
Әкеңе де, шешеңе де керексің.
Әке-шешең аман жүрсің жаныңда.
Ақ тілекті,
Ақ жүрекпен қабылда.
Шыққан жерің, туған тегің біздерміз,
Тектілердің тегі басым қаныңда.
Бүгінгідей болсын қызым әр күнің.
Оқуда озат, жүйрік болсын қарқының.
Жақсы қыз боп өседі деп сенемін,
Туған күнің құтты болсын алтыным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айдын қызыма! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Айдын қызыма! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айдын қызыма! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айдын қызыма! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері