Анар Төлеухан әпкеге – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Анар Төлеухан әпкеге» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1643
Сөз таппай, осындайда тосыламын.
Баршаның тілегіне қосыламын.
Қызыңның қаламына құт дарытқан,
Торғайым,
Қасиетті топырағың.
Текті жан,
Тегі мәлім, текті жерден.
Тайсалмаған талайдан, ептілерден.
Ибалы анасынан тәлім алған,
Әкеден өнеге алған көпті көрген.
Қасиеті кетпеген, киесі ауып,
Құлын- тай байлаған жер, бие сауып,
Тарих боп қалар әлі шығармаңыз,
Тұрғанда қаламың мен сия сауыт.
Бетеге мен жусанды даласы аңыз,
Тектілер көп, Торғайдан, қарасаңыз.
Қазанда екеуміз де туылыппыз,
Келгенде жыл мезгілі, қараша күз.
Құтты болсын,
Құт келсін, арқай жасың!
Жаныңнан жылу кетпей, әр таймасын.
«Сандарды» қаперіңе алмашы әпке,
Көл-көсір көктем көңіл, қартаймасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анар Төлеухан әпкеге өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Анар Төлеухан әпкеге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анар Төлеухан әпкеге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анар Төлеухан әпкеге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері