Бұл бетте «Бозаң үміт» атты Мұрат Шаймаран жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен отырмын көңілсіз,
Сен отырдың тіл қатпай.
Екеумізде тек үнсіз,
Шешілмейтін жұмбақтай.
Музыка үні үздігіп,
Даңғырлады барабан.
Биге басты қыз-жігіт,
Биге басты бар адам.
Сонау қырда тынбайды,
Кеудемдегі жасындар.
Үміт-күдік тулайды
Мына менің басымда.
Ішілмеді шарап та,
Тұрды бокал у толы.
Тап болдым-ау тағы отқа,
Сорлы жүрек үркеді.
Бозаң тартып тұрды үміт,
Ойға баттым мен бөлек.
Биге тартты бір жігіт,
Сен биледің дөңгелеп.
Мені нұсқап жанарың:
–Қызық, – дедің, – бұл «кісі».
Тек жадымда қалғаны,
Сол жігіттің күлкісі.
Сөнді сезім, кім ие?!
Өзімді-өзім құр алдап.
Бара жатты дүние,
Бұрымыңдай бұлаңдап...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі