Өлең, жыр, ақындар

«Қазақ елі» – ерен-ғайып мұнара

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1175
Зәулім­заңғар мұнара – ел айғағы,
Елорданы ерекше аралайды.
«Самұрық-­Ана» аспанға қанат жайса,
Ұшқан құс та бас иіп қарайлады.
Аппақ сүттей ақшаңқан ақ бағана,
Үздік сана мүсіндеп туған дара.
Төрт жапырақ қалқан бар киесі құт,
Төрт тұмарға мәңгілік болған пана.
Бер жағында әйгілі «Пирамида»,
Үшбұрышты ғаламат тұнған сыйға.
«Тәуелсіздік сарайы» жел жағында,
Сүйсіндірген дүбірі жылдан­жылға.
Жан­жағында Астана жарқыраған,
Қарсы алдында «Бәйтерек» сән құраған;
Ғимараттар бірінен бірі сұлу,
Орнатқандай барлығын «Алтын Адам».
«Самұрық­Ана» басында мұнараның,
Қос қанаты жебеп тұр нұр алаңын.
Аждаһадан ұясы аман қалып,
Көкке ұмтылып салғандай құмар әнін.
Талпынысы өзгерткен сұм өмірді,
Алтын қанат,
Апайтөс құс көңілді.
Қиял­ғайып қуаныш құлшындырған,
Есіме алдым әйгілі ән «Үшқоңырды».
Ақ мұнара түбінде төрт дөңгелек,
Көшпелі ел ғой мұң шеккен көп дөңгелеп.
Бүгін қазақ өзгертті
Заман сырын,
Жаһандану қарқынын көтермелеп.
Іргетасын көркейтіп ақ діңгектің,
Бара жатыр намыскер – айбынды екпін:
Кеше, бүгін, ертеңнің саңлақтары
Ерліктері алғысын алған көптің.
«Қазақ елі» тамаша мұнарасы,
Ұмытылмас қазақтың мұң­наласы.
Дербестіктің символы – асыл айғақ,
Тарих көзі, шежіре сырнамасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Юра Айтжановқа

  • 0
  • 0

Юра Айтжановқа - Кәкімбек Салықов
Әнге ораған өзі көрген дәуірін,
Әкетті ажал інімнің бір тәуірін.
Кербез, биік Оқжетпеске ұқсаған,

Толық

Барша қазақ бірлігінің белгісі

  • 0
  • 0

Қан майданда фашизмді қиратып,
Адамзатты өткен қатты сыйлатып,
Тірі күнде аты аңызға айналған,
Осынау жерде жатыр Жәлел Қизатов.

Толық

Өсиеті анамның

  • 0
  • 0

Айтқаны қызық анамның,
Әр сөзі – мәңгі өсиет.
– Қасиетті адамның
Досы боп өту – қасиет.

Толық

Қарап көріңіз