Жеңсе ақыл мен парасат – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Жеңсе ақыл мен парасат» атты Кәкімбек Салықов жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

Құлшыныс пен ұмтылыс –
Ере туған егіздер.
Ерте ұмтылса Күншығыс,
Туды асыл негіздер.
Енжарлық пен жалқаулық –
Жұққан індет маубасқа.
Алла бізді аңқау ғып
Жаратқан жоқ әу баста.
Ерте егіп, ерте ормаса,
Сыпыра жоқтық орнайды.
Қимылың құтты болмаса,
Қазынаң мол боп толмайды.
Дәуірде озық тәуірге
Тыным таппай талаптан.
Қол ұшын беріп зәруге,
Қалдырма досты санаттан.
Мызғымасын ар­намыс,
Рудаки айтқан дана шарт.
«Орнайды, – депті, – зор бақыт,
Жеңсе ақыл мен парасат».

06.12.1983.
Мәскеу


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері