Қазақтың баласымын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қазақтың баласымын» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2673
Аңсаған адамдардың жарасымын,
Арнаған туған елге бар асылын,
Қиялы көп болғанмен, зияны жоқ
Қазақтың мен де ақкөңіл баласымын!
Кейде тоқ, кейде болдым жүдеу­жадау,
Керек пе сөз көбейтіп бәрін санау?
Апырмай, мен де осындай болсам дейтін
Тұлға көп адамзатта қадау­қадау.
Ешкімнің биігіне таласпаймын,
Өзімнің жолым жатыр тарау­тарау!
Жалғанда жаманшылық қуыспаған
Адамдар ақ пейілді туыс маған,
Алла деп ақ сөйлегем домбыра алсам
Жалтақтап және ешкімнен ығыспағам,
Түсіме кіріп ұлы бабаларым,
Жолбарыс жон арқамнан уыстаған!
Су кетпесін мөп­мөлдір бұлақтардан,
От кетпесін тұтанған шырақтардан,
Белдерің бүгілмесін еңсең түсіп,
Арқаңа тірлік артқан сұрақтардан,
Ұзақ та мәнді болсын ғұмырларың
Қазақтың өлеңіндей шумақталған!
Мәңгілік жырлай берсін дала тынбай,
Жырларын өсе берсін бала тыңдай.
Көргенде жарқын жүзді адамдарды
Аппақ нұр жүрегіме толатындай,
Сол нұрды көбейсін деп дүниеге
Себемін қарлығаштың қанатындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың баласымын өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың баласымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың баласымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың баласымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері