Сабыр – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Сабыр» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1173
Жан­жағыңнан идея, сұрақ қаптап,
Тап­тап беріп сенімнен жырақтатпақ.
Анда­мында алақтап әлсіз пенде
Қалбалақтап құрдымға бір­ақ тартпақ.
Табанының бүрі бар сабырлылар
Елеске ермей иманнан тұрақ таппақ!
Өтірік қайсы, шын қайсы,
Аруақ қайсы, жын қайсы,
Мәні бар ма өмірдің
Тірліктегі құн қайсы?
«Неге? Неге? Неге?» деп,
Өз миын өзі шегелеп,
Адамзат әлек болғанмен
Жер­Ана жылжып барады
Жайымен ғана дөңгелеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабыр өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сабыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері