Заңғарлар – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Заңғарлар» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1157
Кең қолтық, олпы­солпы, аңғал­саңғал,
Алыстап бара жатыр заңғар шалдар.
Қазақтың ауылдағы қарттарында
Құпия қасиет бар аңғарсаңдар!
Ертеде, біздің ескі үйде
Бас қосса шалдар қауқылдап,
Әңгіме­дүкен құрылып,
Киізге аунап балалар,
Күн қаққан түрсе құлағын,
Аңызақ қақтап, мүжіген
Әжімнен аңыз тіріліп,
Сақалдан саулап сара сөз,
Саптама етік сықырлап,
Шошаңдап шошай тымағы,
Көк бөрік көкте жүгіріп,
Саба толы сары қымыз
Саптаяқтан сіміріп,
Шежіре­сырды шертетін
Киелі көне сарындар
Алыстан талып жететін!
Аяңдай басып сан қырды,
Арқалап бір­бір тағдырды,
Алыстап кетті аталар
Армандай артта қалдырып
Дүркіреп өткен жаңбырды,
Сүрлеуге сере шөп шығып,
Қырлар да қайта жаңғырды!
Бұрынғылар жүрген жолдарды
Бүгінгі балдар білсе екен,
Атадан қалған есті сөз
Естерінде жүрсе екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заңғарлар өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Заңғарлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заңғарлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заңғарлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері