Абай Құнанбайұлы (арнау) – Оралбекова Дильназ Дауренқызы

Бұл бетте «Абай Құнанбайұлы (арнау)» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Артыңа із қалдырдың тозбай тұғын,
Жүректе жалын отын қозғайтұғын.
Рахмет,менің саған айтарым көп,
Соңында ұрпағың бар қолдайтұғын.

Үлгі етіп,еліктеймін бір өзіңе,
Сүйсінемін мейірімді мінезіңе.
Құлазып,мұңайғанда сені оқимын,
Қорыққанда панасың жүрегіме.

Көрмесемде дос болдым сеніменен,
Отырмын өзіңе арнап,төгіп өлең.
Сендей досты таппаспын бұл өмірде,
Өзіңді нағыз досқа тенеген ем.

Еске алмай мүлде сені тұра алмапсын,
Оқымай өлеңдеріңді жүре алмаспын
Абай бөлшегі жүрегімнің,
Басқаға мойнымды бұра алмаспын.

"Қара сөздер" қазынаң ба сарқылмаған,
Лағыл ма меруерт пе жарқылдаған.
Рухың жүр асқақтап арамызда,
Алтыннан да ардақтты нарқың маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай Құнанбайұлы (арнау) өлеңінің авторы кім?

Оралбекова Дильназ Дауренқызы — осы өлеңнің авторы.

Абай Құнанбайұлы (арнау) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай Құнанбайұлы (арнау) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оралбекова Дильназ Дауренқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай Құнанбайұлы (арнау) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар