Өзіңе сен – Оралбекова Дильназ Дауренқызы

Бұл бетте «Өзіңе сен» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ешкімге емес ,өзіңе сен алдымен,
Алға жылжыр әр адамзат арманмен.
Бұл өмірді жасайтұғын өзіміз .
Мықты болсын біліміңмен тәрбиең.

Көптеу болса басыңдағы ақылың ,
Керек болмас нұсқаулығы басқаның.
Жалғыздықтан қиналар сәт болсада,
Көз алдыңа елестесін мақсатың.

Жақыныңда көп болмайды жаныңда,
Сене берме бос көрінген жандарға.
Мықтырақ бол,ұмтыл әр кез жақсыға,
Қапаланба,қиындыққа қажыма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар