Өмір жайлы – Аяжан Серікқызы

Бұл бетте «Өмір жайлы» атты Аяжан Серікқызы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір қызық сәттерімен әр күнгі,
Алла берген тағдырымен әркімнің.
Кейбір жандар разы болса өмірге,
Ал біреуі разы емес әліде.
***
Өмір-тағдыр,өмір-күрес бітпеген,
Ешкім жетпес асқарына діттеген.
Әрбір жанның мақсаты мен арманы,
Орындала бермейтіні беймәлім.
***
Біреулерге болса өмір молшылық,
Ал біреуге өмір бойы құлшылық.
Кейбіреуге кезең болса өтпелі,
Ал біреуге көрінеді мәңгілік.
***
Қысқа ғана мынау жалған өмірде,
Өкпелеме,көңілденбе,күрсінбе.
Шүкір етіп әрбір атқан таңдарға,
Разы болшы мынау жаратқан Аллаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір жайлы өлеңінің авторы кім?

Аяжан Серікқызы — осы өлеңнің авторы.

Өмір жайлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір жайлы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір жайлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері