Өмір
Өмір деген өтеді екен тоқтамай,
Еш алаңсыз жүрген жастық шақтар-ай.
Оралмайтын қайран бала күндерім,
Ойнайтын ем ешкімге кек сақтамай.
Жастық шақты артқа тастап өсесін,
Ер жетесің жаңа өмірге көшесін.
Өміріңнің ең қызықты күндерін,
Студенттік кездерінде кешесің.
Оқуды да бітіретін кез келер,
Достарыңның азайғаның көз көрер.
"Балдай тәтті" боп көрінген өмірге,
Көзқарасын басқаша боп өзгерер.
Жұмыс іздеп талай жерге барарсын,
Мәз мейрам боп айлығынды аларсын.
Жұмыс, жұмыс деп жүргенде байқамай,
Үйленетін жасқа келіп қаларсың.
Алла өзі серік беред жаныңа,
Сүйген жаның айналады жарына.
Бала сүйіп, қиындықты ұмытып,
Сол кездерде бақыттысың тағыда.
Өмір кейде қуанышты шырайлы,
Өмір кейде ұрып соғып сынайды.
Ешкімді де аямайтын өмірдің,
Сыңағына тек мықтылар шыдайды.
Уақыт өтіп қарт жасына толасын,
Әлін кетіп сен қария боласын.
25-те жайнап тұрған гүл болсан,
85-те уақытын кеп соласын.
Аяқ қолын қалтырайды, сыздайды,
Тәтті өмірді қарттық келіп тұздайды.
Бір күндері тәтті ұйқыға аттанып,
Тұла бойын суық болып мұздайды.
© Н. Қизатұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі