Әріп теруші қызға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Әріп теруші қызға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1355
Бөбек болып асылар ем мойныңа
Күле келсе осынау тұңғыш кітабым.
Қуанышым сыймас, сірә қойныма,
Десем дағы қанша сабыр тұтамын.
Өзің туған ел-жұртыңа саналы,
Сен тоқыған қанша кітап тарады!
Өміріңнің шежіресі емес пе,
Жұрт ақтарған соның әрбір парағы,
Он саусағың қара майға малынып,
Қорғасынға қалағанда жырымды;
Жылы ұшырар шырайлы сөз табылып,
Сырласындай болып кетсе бұрынғы...
Дүниеге жаңа келген сәбиге
Көз салғанша әркім құштар, әрине.
Алғашқы арман ыстық екен адамға,
Енді өзің біл, қамын, қалқам, амалда!
Өзің туған ел-жұртыңа саналы,
Сен тоқыған қанша кітап тарады!
Талабынан өмірі қысқа адамның
Сырғып сағат, уақыт өтіп барады.
Бөбек болып асылар ем мойныңа,
Күле келсе осынау тұңғыш кітабым.
Қуанышым сыймас, сірә қойныма,
Десем дағы қанша сабыр тұтамын.
Жас баладай алған тұңғыш әліппе,
Шаттанармын, шіркін жүрек жарылмас!
Байғазың бар сенің әрбір әріпте,
Өле-өлгенше ұмытпаспын қарындас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әріп теруші қызға өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Әріп теруші қызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әріп теруші қызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әріп теруші қызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері