Ермек іздеп асыр салған күндерім – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ермек іздеп асыр салған күндерім» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 898
(А.С. Пушкиннен)

Ермек іздеп асыр салған күндерім,
Сенің бүйтіп кетеріңді білмедім!
Ну орманым, құлазыған кең далам,
Кешіре гөр, бесігім ең сен менің.
Тригорскі, босағаңды басқанда,
Қанша шаттық құйып едің жас жанға.
Кетер болсам ләззатіңді неге алдым?
Уа, дариға, кешіре гөр жақсы ана!
Мәңгі есімде боларсың, хақ, бір өзің.
Қалсын сенде жырға орнаған жүрегім.
Кім біледі (алдамшы арман!) бір күні
Далаңа осы қайтып келіп жүрермін.
Көлеңкесін саялы ағаш – жөкеңнің,
Дөңесінің төрін мекен етермін.
Сауық-думан, парасат пен сымбаттың,
Азаматтықтың пендесі боп өтермін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ермек іздеп асыр салған күндерім өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Ермек іздеп асыр салған күндерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ермек іздеп асыр салған күндерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ермек іздеп асыр салған күндерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері