Қасым Аманжоловтың домбырасына – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қасым Аманжоловтың домбырасына» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1360
Домбыра қайран, қалыпсың қаңсып,
Ақ төсіңе қоныпты шыбын.
Ақынға едің әріптес таңсық,
Жабырқап неге жатырсың бүгін?
Сағаңа мұңлы оралып бір күй,
Күмбірлеп кеудең толқушы еді ылғи.
Ішегің егіз бойға тоқ беріп,
Шымырлап жүрек кетуші еді еріп.
Назқоңыр сазбен ыңыранта тартып
Отырушы еді Қасымым балқып.
Сол күйің қайда, дариға, бүгін,
Домбыра сылқым, не болды саған.
Үзіліп шипа сиқырлы үнің,
Шынымен жырың болды ма тамам!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері