Шатқал – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шатқал» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1076
Баурында Ақшоқының бір шоқ жыңғыл,
Сол жерден басталған сай ұңғыл-шұңғыл.
Қияны барлап ұшып жүрді бүркіт
Шатқалдан шықпас па деп қоян үркіп.
Секектеп, түлен түртіп, сорлы қоян,
Шүйілді тас төбеден бүркіт – ноян.
Бүрді де бақ еткізіп ұмар-жұмар,
Сілкініп тұрды қыран қанып құмар.
Шатқалдың әмсе осындай мінезі бар, –
Не қырсық, не олжа одан ұшырасар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шатқал өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шатқал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шатқал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шатқал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері