Сарнаған сары жазда сары аурудай – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сарнаған сары жазда сары аурудай» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1137
Сарнаған сары жазда сары аурудай,
Ақ қыста ыңқылдағап кәрі аурудай;
Қажайды көңіл қамын қамсыз түнде
Шалғайдан талмаураған сазды сырнай.
Жеңгедей әлдилейді сиқыр сырнай,
Балдыздай шымшылайды ұйқы қимай;
Екеуі қашады ылғи таңды арайдан,
Жабықтым жаяу қалған жылқылыдай.
Көңілдің ұйқылы-ояу өмірі тар –
Жеткенше таңғы арайға болады зар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарнаған сары жазда сары аурудай өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Сарнаған сары жазда сары аурудай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарнаған сары жазда сары аурудай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарнаған сары жазда сары аурудай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері