Сүт туралы жыр – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сүт туралы жыр» атты Тәкен Әлімқұлов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1127
Беруші еді-ау қалқып көбігін,
Кейде шеше, кейде жеңге.
Шымырлап, ернеуден асса төгіліп,
Көмуші еді-ау бейне емге!
Қай жерлерден келдің, жаным,
Шығыстан ба, Батыстан ба?
Бейне толқыған мөлдір таңым
Айлы ақ түнмен табысқан ба?!
Құйды ма саған сауыншы алғыс,
«Болсын, – деп, – шипа бұйырған жанға!»
Төкті ме әлде жауыңша қарғыс,
Емшектен еңіреп құйылған таңба?!
Сауыншының аңқылдақ пейілін
Сүйемін мен – адалдығын сусынның,
Мен де кейде болмасқа кейідім,
Болмадым тек, құлы құлқынның!
Сағынған сүтім, қай жерден келдің?
Айтшы, адамның көкірек нәрі?!
Жырылмай келсең аузынан төлдің,
Тамшыңды әрбір етейін дәрі!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүт туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Сүт туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүт туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сүт туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері