Армысың, алыстағы аяулы аулым – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Армысың, алыстағы аяулы аулым» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1428
Армысың, алыстағы аяулы аулым,
Мен де кең дүниеде есен-саумын.
Тек қана құрдастармен сайраңдаған
Сағындым кербез төсін Қаратаудың.
Қараңа көзім жетпей, көңілім жетіп,
Қараймын терезеден есім кетіп.
Жалынсам соғар емес жүйрік поез,
Сымпылдап түстік жерден барады өтіп.
Вагонның у-шуынан ішім пысып,
Қиялым шарықтайды қиянға ұшып.
Ынтығам дидарына кәрі таудың,
Еріксіз өткен-кеткен еске түсіп.
Үстінде туған жердің болып бәйік,
Шалғайдан ұшсын жырым қанат жайып.
Мұхиттың жалында ойнап жүрмін өзім,
Қайықтан қауіп қылмай алма – ғайып.
Өстім мен қарабастың қамына епсіз,
Өгей ұл мен емеспін үрдіс-тексіз.
Өлеңнен басқа өнер қонбады, рас,
Болса да дәмем менің шетсіз-шексіз.
Сол өлең, туған ауыл, базарлығым,
Оны да болдым жазып азар бүгін.
Көлеңкең көңіліме түссе – қайғы;
Арайың жетсе шалқып – ажарлымын.
Армысың, алыстағы аяулы аулым,
Мен де кең дүниеде есен-саумын.
“Хош, хош!” деп қақ тұсыңнан барам өтіп,
Қол бұлғап құздарына Қаратаудың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армысың, алыстағы аяулы аулым өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Армысың, алыстағы аяулы аулым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Армысың, алыстағы аяулы аулым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армысың, алыстағы аяулы аулым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері