Жас төкпен, өкінбен өткенге – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жас төкпен, өкінбен өткенге» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1045
С. Есениннің ізімен

Жас төкпен, өкінбен өткенге,
Өтер барша – гүліндей алманың.
Алтынша сарғаяр шақ жеткен бе,
Мен – жасарман қайтып, алдар арманым!
Семді жастықтың балауса ажары,
Еріннің жалыны – енді олқылы.
Қайда көздің шыдатпас жанары,
Қайда сезімнің шыдатпас толқыны?!
Өттің бе елестей, өткен күнім,
Жомарт мұратқа, сараңдық, жеттің бе?
Таңынан бейне өмір көктемінің
Сар желіп сары атпен өттім бе?!
Гүлдеудің ақыры – азалық әзелдей,
Үйеңкінің мыс жапырағы үзілер.
Тілеймін игілік, назымды жазам мен,
Дүниедс бұл еншіміз – сызды жер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас төкпен, өкінбен өткенге өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жас төкпен, өкінбен өткенге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас төкпен, өкінбен өткенге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас төкпен, өкінбен өткенге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері