Тоқтап жүрек – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Тоқтап жүрек» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 729
Тоқтап жүрек, жұмылып көз,
Қашар қаны жанардың.
Болып ұмыт сәулелі кез,
Қараңғыда қалармын.
Тамып көздің ыстық жасы,
Жазықсыз гүл жұлынар.
Өлшеусіз дос ықыласы,
Зираттың тек шыңы бар.
Мұңлы күзде әлдилер жел
Сағынышпен шыдамды.
Шат көктемде лайсаң сел
Кетер шайып күнәмді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқтап жүрек өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Тоқтап жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқтап жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқтап жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері