Үшбас өзені – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Үшбас өзені» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1044
Үш қайнардан құралған
Арналы Үшбас өзенім,
Сын түйісіп, сыр алған
Түседі-ау еске кезеңім.
Өткел бермес көктемде,
Бір кезгі көк-сұр дария,
Сарғаяр шағың жеткен бе,
Қойнауың қамыс – сары ұя.
Үзілген белі жыландай,
Ағасың зорға иреңдеп.
Үстіңнен қарғып құландай,
Ұйтқиды құйын сүйреңдеп.
Сарқылсын жырым сарқылса,
Сарқылмашы ерке өзенім.
Жалынға түскен алтынша,
Өртенді-ау ерте өзегім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үшбас өзені өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Үшбас өзені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үшбас өзені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үшбас өзені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері