Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1229
Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да,
Опасыз қыз, опалы мыстанға да.
Бұлаңдатар құйрығын шабынған ит,
Қылышқа ұқсап қыли көз сұстанғанда.
Көп ішінде өстім мен дара баспай,
Көрдім сіңбес дара асты арам астай.
Жыласам да, пендені жылатпадым,
Жауыздыққа жыбырлақ араласпай.
Керімсалдың көп төзіп тандырына,
Туған түздің шомылдым жаңбырына.
Сары аяздың шымшылай сүйгенінен
Балғын бетті болдым мәз жандыруға!
Мен сыншы ғой досқа да, дұшпанға да,
Опасыз қыз, опалы мыстанға да.
Бейне мүлік белгісіз жазған сөзім,
Өмір жасы білінер ұстанғанда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері