Өлең, жыр, ақындар

Саржан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 775
Қос аяқ саржанмен жер өлшегенде,
Болжап па ем жетерімді осы күнге.
«Дұрыс жаз табелімді» десе-тұғын,
Қартайды осы күні кейбір жеңге.
Шоламын келіп енді аңызды сол,
Жатады шалқып аңыз егіні мол.
Өгізше тізбектелген жүк машина,
Қасынан жұлма-жұлма етеді жол.
Машина астық тиеп, асығады,
Шарасыз жолға дәндер шашылады.
Бозторғай несібе терсе даңғыл жолдан,
Екінші машина оны қашырады.
Саржанның орнына енді қалам ұстап,
Тұрамын машинаны досқа нұсқап.
Досыма шежіре боп шертіледі,
Жастық шақ өткен жылдар – қиын-қыспақ.
Қара жер сепкен дәннен болған жүкті,
Білмеймін, бұрын неге сырын бүкті?
Арасы әліппенің алшаң екен,
Сол саржан қадамыма болды құтты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саржан өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Саржан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Саржан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саржан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері