Жуа – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жуа» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 809
Газеттер болды дастарқан,
Басында мөлдір бұлақтың.
Бокалда толқып атқан таң,
Моншағы тамды сынаптың.
Жандары қырдың меймандос,
Тағамын түрлі ұсынар.
Қоштасар сәтте көңіл хош,
Көздер жоқ жүрек ұшынар.
Көгілдір самал желпіді,
Етеді тәжім жуалар.
Жұпарға жаным елтіді,
Көктемнен көңіл ұялар.
Жуаны кірш-кірш шайнадым
Өртенді тәтті өзегім.
Жасаурап көзім жайнады,
Жақсы едің қандай, өз елім!
...Дүние жұмыр дөңгелеп,
Көз алдымнан өттің ғой.
Кіндік кескен жерге кеп,
Сәбилік шаққа жеттім ғой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жуа өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жуа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жуа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жуа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері