Махаббат әні – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Махаббат әні» атты Тәкен Әлімқұлов жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1423
Махаббат егіз екен, қалдым жалғыз,
Боздаймын жапан түзге шығып аңдыз.
Орнына жеңге селеу біткен шеңгел –
Тартады етегімнен бейне балдыз.
Жастың шақ қандай сұлу елестедің,
Сен неге жастық шақта теңеспедің.
Өмірдің асқарына шыға алмадым,
Адасып арасында белестердің.
Жеткізбей жер соқтырған жас дәуренді
Іздеймін адастырмас әнмен енді.
Таппадым жас дәуреннен өзіме тең,
Қосса да мосқал жеңге маған теңді!
Қайырмасы:
Өттің дәурен,
Кеттің, сәулем,
Жете алмаған –
Мен бір әурең!
әри-дай, әри-дай, әри-дай-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат әні өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Махаббат әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат әні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері