Кеме – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Кеме» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1653
Дүние – кеме теңізді шексіз айналған,
Сапар басы дәмеленер сайраннан.
Айдың нұры теңізді тербеп, тулатса,
Теңселер кеме шыққанша шалғай қайраңнан.
Құбыла-нама жол сілтеп, кеме жүзгенде,
Су бетінде қалмайды белгі ізден де.
Адамзат әмсе келешекке асығар,
Жетер жерден жолаушы күдер үзген бе?!
Соғып дауыл, қираса дүние кемесі,
Көтерер оны жер шарының денесі.
Теңіздің түбі сыр сақтайды мың жылдар,
Алып кеме – мәңгінің бір елесі.
Кетсең суға, ән шырқашы, кемеде,
Өмір деген өткінші емей немене?!
Ән салайын тулап жатқан толқында,
Бесігімде ән тараған денеме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеме өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Кеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері