Тіл – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Тіл» атты Тәкен Әлімқұлов жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1149
Шындықты сүйіп өтпекке тіл жаралған,
Тіл шыққан соң тарауға тоғыз таралған.
Сырға берік – сөзге серік болмайды,
Сыр шертіп кет келгенінше шамаңнан!
Кейбіреудің күші тілдің үшінде,
Кейбіреудің тілі өзінің ішінде.
Күрмелсе де, күнасыз сыр ашылар,
Сөйлесе тіл жатқанда ұйықтап түсінде.
Жүрек сағат ұйықтамайтын деседі,
Оның сырын сөйлесе тіл шешеді.
Сағат тілін бұрасаң да серпінді,
Қайтару жоқ өткен күннен есені.
Мен сөйлесем, дес бермеймін, әрине,
Буынсыз тіл шерте білер әр күйге.
Жүрегімде, бірақ, тікен жатады,
Теріскенге қадалғандай кәрі ине.
Тісім кейде тілді тістеп алады,
Көрсетпес тіл түскен тістен жараны.
Қысқа тілім өзімнен ұзақ жасар ма,
Тілімді сынар уақыт өтіп барады!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіл өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері