Шырылдауық сағат – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шырылдауық сағат» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 886
Шырылдайсың таң атпастан,
Шошыған жас бөбектей.
Көңілімді ашып ұйқы басқан,
Түн сағатын көбейтпей.
Бұзғаныңа ұйқы шырқын,
Зәрредей де өкінбен.
Шалғайға ұзап үміт шіркін,
Аз ұйықтауға бекінгем.
Көп тербеді сиқыр ұйқы,
Есейгенше бала ғып.
Бала өмірі ұйқы-тұйқы,
Қалдым түстей шала ұғып.
Таң сәріден сорлы тауық,
Үй айнала құрқылдап;
Маза бермей ауық-ауық,
Шақырғанда сұңқылдап.
Тұрушы еді елгезек шал,
Көпті керген баяғы;
Өргізбек боп өріске мал,
Тық-тық етіп таяғы.
Бақсам енді, кенже қаппын,
Өткен күннің орны бос.
Ең болмаса келер шақтың,
Көңілін аулар болшы дос.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырылдауық сағат өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шырылдауық сағат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырылдауық сағат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырылдауық сағат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері