Ү...ға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ү...ға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 800
Сен еркекке өкпелейсің,
Мен әйелге ырза емен.
Өзіңді-өзің кексе дейсің,
Қызықпаймын қызға мен!
Мен кешірем өткен күнді,
Аяп төмен етекті.
Қалампырдай исің сіңді,
Болдың сиқыр жетекші!
Келсе менің көңіл сазым,
Шайнап тастар көкжалмын.
Болса ерке сенің назың,
Ерке назға мен зармын!
Менің сырым жатқан жұмбақ,
Шешуге оны жетпес тіл.
Парасатты жеңді сымбат,
Енді, сәулем, өзің біл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ү...ға өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Ү...ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ү...ға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ү...ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері