Бұл дүниенің мысалы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бұл дүниенің мысалы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 4
  • 35128
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең.
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең.
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың
Ләзім болған іспен тең.
Үлкеннен көрген зорлығың,
Ойлап тұрсаң, бозбала,
Дұшпаннан көрген күшпен тең.
Ағайының көп болса,
Бірлігі оның бек болса,
Жамандық жер кез келсе,
Бір - біріне сеп болса,
Бүтін тұрған бұзылмай
Отыз екі тіспен тең.
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар,
Жүз болса да бірмен тең.
Мектептен сабақ алсаңыз,
Алуан шекер балмен тең.
Саясы жоқ бәйтерек
Сазға біткен талмен тең.
Жаман туса балаңыз,
Бұғып өскен тазбен тең.
Қайғы ойлаған жігіттің
Кең дүниесі тармен тең.
Уайымшыл адамның
Алды тұйық жармен тең.
Жетесі жаман боз бала
Тоқмандағы шалмен тең.
Жақсының айтқан ақылы
Қазулы сара жолмен тең.
Жаманға айтқан ақылың
Ағып кеткен селмен тең.
Қас жаманның орны бар
Кесек те болса көрмен тең.
Жомарттық қылған жігіттің
Ықыласын байқасаң,
Толқып соққан көлмен тең.
Жақындап келген кәрілік
Жайып қойған тормен тең.
Жақсы қатын алсаңыз
Жақсылығын білдірер,
Ерін жөнге көндірер,
Анық осы, боз бала,
Жұмақтан шыққан хормен тең.
Алғаның жаман жолықса
Жамандығын білдірер,
Ер қадірін кетірер,
Оның өзі, боз бала,
Маңдайға біткен сормен тең.


Пікірлер (4)

макпал

Олендери магыналы екен

87756354125

күшті олең екен

Айнур

Осы оленнын идеялык мазмунын тусындырып жазып бере аласыздарма

Қарасай

Ойлы,құнды өлең,қазақи.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл дүниенің мысалы өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұл дүниенің мысалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл дүниенің мысалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл дүниенің мысалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері