Өлең, жыр, ақындар

Кәрілік туралы

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 10207
Ұлғайып қартаяды жастан адам,
Әуелі қартаяды бастан адам.
Жеткенін кәріліктің ескермейді,
Көңілі өсіп, мейманасы асқан адам.
Кәрілік қартайғанда бастан клер,
Ағарып басындағы шаштан келер.
Жасыңда қандай көркем болсаң - дағы,
Қыржиған қабақ - маңдай қастан келер.
Кәрілік қартайғанда көзден келер,
Белгісі алжығанның сөзден келер.
Сыртылдап буындарың ебі кетіп,
Белгісі - аяқ жақта тезден келер.
Қартайғанда мүкістеу болар құлақ,
Жас ағып екі көзден тұрар жылап.
Нәрсені басқа көрген көре алмастан,
«О не?» деп көргендерден білер сұрап.
Бір жаман кәрілікте түссе тісің,
Ауыздан опырайып кетер пішін.
Жасында оймақ ауыз сұлулардың,
Өзгертіп бұл кәрілік алар түсін.
Болсаң да ханнан сұлу жаста бұрын,
Салатын көрген адам көздің қырын.
Қайран жас, қара шашпен қаламқастың,
Өзгертіп бұл кәрілік алар сұрын.
Белгісі кәріліктің - кеудең толар,
Жөтел мен түрлі қақырық пайда болар.
Жасыңда қандай толық болсаң - дағы,
Белгісі кәріліктің - мүшең солар.
Белгісі кәріліктің - кетер күшің,
Болмайды бастағыдай ешбір ісің.
Кәрілік дауасыз дерт ем қонбайтын,
Жылаймыз қартайдық деп соның үшін.
Қартайсаң аяқ тізең ауырады,
Жатудан жамбастарың жауырады.
Қадірің күннен-күнге кеми беріп,
Жолатпй қосағың да дау ұрады.
Ауырар қартайғанда бұт пен белің,
Екі иық, кеуде, арқа, барлық жерің.
Жатарсың салқын тисе төсегіңде,
Қайталап ұстады, - деп, - ескі терім.
Таяққа қартайғанда асыларсың,
Төбеңнен тас ұрғандай басыларсың.
Күтеміз сол кезекті кедей болсаң,
Бұтыңды отқа қақтап қасынарсың.
Әркімнен кемдік көріп қағыларсың,
Қолыңнан түк келмейді, не қыларсың.
Көз болып қой, бұзауға шамаң келсе,
Біреуге тамақ үшін жағынарсың.
Тырп етпей бір төсекте жатқаныңыз,
Елеусіз сөз болады айтқаныңыз.
Балаң жалқау, келінің шайпау болса,
Құриды сол уақытта қатқаныңыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арғымақ ат кімде жоқ

  • 0
  • 1

Арғымақ ат кімде жоқ,
Міне алмасаң, атша жоқ,
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпасаң жатша жоқ.

Толық

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне

  • 0
  • 0

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне,
Не жиып, не жетпейміз нешеуіне.
Құдайым иман бергей, бір қаза бар,
Шал Құлекеұлы

Толық

Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы

  • 0
  • 1

Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен бұйрық келсе,
Шал Құлекеұлы

Толық

Қарап көріңіз