Түнде – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Түнде» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 955
... Дала суық.
Әншейінде шулайтын қала – сұлық.
Терезеден телмірем тысқа қарай,
Бірдемені күбірлеп, данасынып...
Мен сияқты көктемін күте ме екен -
Бүрсеңдейді гүлзарда дара шыбық.
Әнебір жан қашанғы тұрар екен,
Әлдекімді күтумен таң атырып...
Сұр көшенің шамдары сығырайып,
Аспаннан Ай төніп тұр жағы ашылып.
Тереземді соғады қайта қайта,
Шұбар қанат көбелек аласұрып.
Ұйқым қашып отырмын, ойға батып,
Мойыныма мешел-мұң тағы асылып.
Тарқатылмай тұрғаны-ай жақсы жырдың,
Қаламымның ұшында оратылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнде өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Түнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері