Семей кеші – Ақылбек Манабаев

Бұл бетте «Семей кеші» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 917
Күреңденіп күннің соңғы шапағы,
Көкжиекке өрт боп жанып батады.
Асып-таспай, арнасында ақырын,
Ерке Ертіс сабырлы ағып жатады.

Шалқар айдын құшағына ап ойлы айды,
Көп жұлдыздар тұңғиыққа бойлайды.
Жарқ-жұрқ етіп ақ шабақтар асыр сап,
Су ішінде шортан шоршып ойнайды.

Толқындарға жапырағын жайып тал,
Шаң-тозаңын келтіреді шайып бар.
Жүрек сырын су бетіне сызады,
Баяу жүзіп жастар мінген қайықтар.

Сансыз оттар қара түнді тілімдеп,
Алтын тісті бағаналар күлімдеп,
Омырауына алқа тізген үйлердің,
Су бетінде суреті тұр дірілдеп.

Салқын, сабат самал ескен тыныш бақ,
Жұпар сеуіп, аспанына нұр ұстап.
Қала жатыр құшағында ұйқының,
Тұнық ауа, тәтті күймен тыныстап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Семей кеші өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Манабаев — осы өлеңнің авторы.

Семей кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Семей кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Манабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Семей кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері