Дін туралы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Дін туралы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 13342
Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Иман таба алар ма барған кісі?
Ата - ананы, мейманды құрметтесең,
Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.
Арам жүрсе, жиіркенер сау кісіден,
Алдау, өтірік тарайды сұм кісіден,
Қой, сиырын қамасын молда өзі,
Жұмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері