Ермек болып күн сайын ғаламтор тек – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «Ермек болып күн сайын ғаламтор тек» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.12.2020
  • 0
  • 0
  • 906
Ермек болып күн сайын ғаламтор тек,
Қалғандай қайран досым – қалам қор боп...
Серігімді қайтадан қолыма алдым
Жыр бастар – бір бастаса саған жол деп.
Демеймін артқандықтан бақ-талабым,
(Бәлкім, бұдан басқа түк жоқ амалым).
Өзімнен бұрын жалғыз Хаққа мәлім
Бір сырымды мен саған ақтарамын.
Болса да ойы шолақ, ақылы кем,
Сезімін жасыра алмас ақының ем.
Оңынан туса айы шайырлардың
Алдымен ел ішінде аты жүрер.
Шықпаса да әзірге атым дардай,
Келешектен алар көп хақым бардай.
Жақұтым, сен бір қадам жуықтасаң,
Бақытым екі қадам жақындардай.
Жанымды Алла жырмен жарық етті,
Жыр – ақынның байлығы, бары депті.
Сені сүю үшін де тағы маған
Сыйлапты ғашық болу қабілетті.
Махаббатсыз тартады қу жан солғын,
Өлеңсіз де артады мұң-зар сорлың.
Арзу болған көңілге дәру Ару –
Сен менің Музам болғын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ермек болып күн сайын ғаламтор тек өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Ермек болып күн сайын ғаламтор тек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ермек болып күн сайын ғаламтор тек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ермек болып күн сайын ғаламтор тек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері